«Чибо Сано» мейрамханасы fast casual форматында жұмыс істейді: мәзірде пицца, пиццабургер, ролл, суши және салат сияқты бірнеше негізгі бағыт бар. Ассортимент көп болған кезде мәзір жай ғана тізім емес, қонаққа бағыт көрсететін құралға айналады. Осы жоба аясында біз залда және касса маңында қолданылатын баспа мәзірін әзірледік. Мақсат - қонақ бірінші қараған сәтте құрылымды түсініп, қажет бөлімін тез тауып, тағамды оңай таңдауы.
Алдымен контентті реттедік: позицияларды топтастырдық, атаулардың бірізділігін тексердік, сипаттамаларды бір форматқа келтірдік, салмақ пен шығым көрсеткіштерінің логикасын келістік. Себебі мәтін ішінде тәртіп болмаса, дизайн арқылы «жасырып» жіберу мүмкін емес. Кейін модульдік тор құрдық: ол ұзын атаулармен де, қысқа атаулармен де дұрыс жұмыс істейді және ассортимент жаңартылғанда бұзылмайды.
Дизайн тұжырымдамасының негізі - визуалды аймақтарға бөлу. Әр санатқа жеке блок берілді: түс белгісі, ірі тақырып және ішінде қайталанатын карточка үлгісі. Мұндай жүйе қонаққа мәзірді көзбен «сканерлеуге» мүмкіндік береді: алдымен негізгі бағыттарды көреді, кейін нақты позицияға өтеді. Карточка ішінде ақпарат иерархиясы анық: атауы - қысқа сипаттама - бағасы. Баға тез оқылады, бірақ негізгі мәтінді басып кетпейді.
Түстік палитра қызыл, жасыл және ақ түстердің үйлесіміне құрылған. Бұл шешім балғындық пен динамиканы көрсетеді және асхана форматына сай келеді. Біз түсті сән үшін емес, навигация үшін қолдандық: санаттарды ажыратады, көзді шаршатпайды, мәзірді оқуын жеңілдетеді. Шрифттер қарапайым әрі анық: баспаға ыңғайлы контраст, дұрыс аралықтар және таза отступтар сақталды.
Тағам фотолары тек қажет жерлерде қолданылды. Көп фото ақпараттық шуды көбейтеді, сондықтан біз суреттерді «сатуға әсер ететін» негізгі позицияларға ғана қалдырдық. Қалған ассортимент мәтін арқылы берілді - бұл жылдамырақ қабылданады және композицияны жеңіл ұстайды.
Формат күнделікті пайдалануға есептелді: мәзірді қолға алу ыңғайлы, үстелде/стойкада тұрақты тұрады, ал құрылымы қонаққа керек бөлімге тез қайта оралуға көмектеседі. Нәтижесінде «Чибо Сано» мәзірі Қазақстан нарығында тиімді жұмыс істейтін, түсінікті әрі жинақы дизайн шешіміне айналды: ол таңдауды жылдамдатады, сервисті жеңілдетеді және бренд стилін күшейтеді.
